![]() |
Мұхамеджанов Дәурен Мақсұтханұлы ЖСДМҚ-ның директоры |
|
Туған жылы: 1978 жылы 3 қазан Білімі: 2000 жылы Қаскелең мәдениет колледжін бұқаралық ұсыныстарды ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2004 жылы Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының мүсін өнері факультетін мүсінші - суретші мамандығы бойынша бітірді. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, мамандығы экономист Жетістіктері: Қоғамдық жұмыстарға студенттік жасынан бастап араласа бастады. 2000 жылы «Оян» атты жастар ұйымының негізін қалап, басқарды. Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болып, шығармашылық бөлімді меңгерді. «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Өнер отауы» газеттері мен «Өнер әлемі» журналында өнер өңіріндегі мақалалары бар. Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту қорында 2006 жылдан бастап жұмыс атқарады. Атқаратын жұмыс аясы: Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жалпы басшылығын іске асыру; болашақ және ағымдағы жоспарларды құру; қаланың құрылымдық бөлімдерімен, ЖОО-мен, Үкіметтік емес ұйымдармен және жастар ұйымдарымен үйлесімді тығыз, бірлестік қарым - қатынаста болып, жиналыстар өткізу; берілген тапсырмалардың уақытында орындалуын жүзеге асыру; жастар саясаты ісі жөніндегі ұсыныстар мен шағымдарды қарастыру, азаматтарды қабылдау және т.б.; негізгі сұрақтарға шешім қабылдау. |
|
![]() |
Қожамбір Ғалым Маратұлы ЖСДМҚ директорының бірінші орынбасары |
Туған жылы: 1976 жылы 28 қазан Білімі: 1995 жылы Х.Мұңайтпасұлы атындағы Олимпиялық қор Республикалық училищесін бітірді. 2004 жылы Қазақ Денешынықтыру институтын бітіріп, дене шынықтыру жаттықтырушысы мамандығын игерді. Жетістіктері: Еркін күрестен спорт шебері. Қоғамдық жұмыстармен студенттік жасынан бастап айналысады. Еркін күрес бойынша спорттық жарыстарының жеңімпазы. Жаттықтырушы жұмысын тәжірибеленді, шәкірттері Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына енді. Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Атқаратын жұмыс аясы: Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының барлық бөлімдерінің жалпы басшылығын жүзеге асыру; Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының түбегейлі жоспарын түзеп, түгендеу және ұйымдастыру; болашақ және ағымдағы жоспарларды құру; Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының барлық бөлімдерімен тығыз бірлестік қарым – қатынас орнатып, жиналыстар өткізу; берілген тапсырмалардың уақытында орындалуын жүзеге асыру; жастар саясаты ісі жөніндегі ұсыныстар мен шағымдарды қарастыру, азаматтарды қабылдау және т.б.; негізгі сұрақтарға шешім қабылдау. Қызығушылығы: спорт, туризм |
|
| Шаянбаева Анар Слямчайыққызы Бас есепші |
|
| Туған жылы: 1979 жылы 12 ақпан Білімі: 2001 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық университетінің экономика және бизнес факультетін бітіріп, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығын иеленді. Атқаратын жұмыс аясы: Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қаржы мәселелеріне байланысты операцияларды жүзеге асыру. Қызығушылығы: музыка, спорт |
|
![]() |
Рамазанова Жәнел Мақсатқызы Ақпараттық-талдау және құқық бөлімінің бастығы |
| Туған жылы: 1984 жылдың 14 желтоқсаны Білімі: 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің саясаттану бөлімін тәмамдады. 2008 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетінде заң ғылымдарының бакалавры дәрежесіне ие болды.
Қызығушылығы: философияЖетістіктері: Студенттік жылдарда факультеттің студенттік кеңесін басқарып, дебат клубының белсенді мүшесі болды. Каз ҰУ Жаршысында ғылыми басылымдары бар. 2004 жылдан бері Қоғамдық қызметпен айналысады. 2005 жылдан Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында жұмыс жасап келеді. Атқаратын жұмыс аясы: Бөлімді жалпы басқаруды іске асыру, бөлім жұмысының стратегиясын жасау және ұйымдастыру; алдағы және ағымдағы жоспарларды құру; қала құрылымдарының бөлімшелерімен, мемлекеттік емес ұйымдармен, жастар ұйымдарымен қарым-қатынасты үйлестіру; есептік құжаттардырдың уақыты дайын болуын қадағалау; әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар жобалар әзірлеу. |
|
![]() |
Әлімжан Алмас Болатұлы Ақпараттық-талдау және құқық бөлімінің бас маманы |
|
Туған жылы: 1985 жылы 24 қаңтар
Білімі: 2005 жылы Алматы құрылыс және менеджмент колледжінің есеп машинасы мен желі жүйесі құрымы факультетін тәмамдады. 2009 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің есеп техникасы мен программалық жабдықтау факультетін бітіріп, ақпарат қауіпсіздігін қорғау мамандығына ие болды. Жетістіктері: Студенттік жылдарда университеттің қоғамдық және ғылыми өміріне белсене араласқан, әр түрлі студенттік шығармашылық жарыстардың жүлдегері. Қоғамдық жұмыстармен 2006 жылдан бастап айналысады.
Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында 2007 жылдан бастап қызмет істейді. Атқаратын жұмыс аясы: қала жастарының әр түрлі дәрежедегі рухани, мәдени және ақпараттық сұраныстарын бақылау; жастар ортасының қоғамдық-әлеуметтік мәселелер болжамына бағытталған, саясаттану және әлеуметтік іздену жұмыстарын өткізу; Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық акт заңдарына сәйкес құжаттармен жұмыстарды ұйымдастыру; www.zhastar.com ақпарат интернет-сайтының бірлестік жұмыстары. Қызығушылығы: спорт, туризм. |
|
| |
Тұрабаев Бейбіт Батырбекұлы Ақпараттық-талдау және құқық бөлімінің бас маманы |
|
Туған жылы: 1988 жылдың 9 мамыры
Білімі: 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдады. Халықаралық қатынастарының бакалавры дәрежесіне ие болды. Жетістіктері: Студенттік жылдарда университеттің қоғамдық және ғылыми өміріне белсене араласты. НАТО Орталығы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетіне қарасты Америка Құрама Штаттарын зерттеу Орталығының жұмыстарына қатысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентінің қорына қарасты Әлем экономикасы мен саясаты Институтында іс-тәжірибеден өтті. 2006 жылдан бері Қоғамдық қызметпен айналысады. 2009 жылдан Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында жұмыс жасап келеді. Атқаратын жұмыс аясы: аналитикалық жазбалар даярлау, негізгі жобалық құжаттарды, іс-шара жобаларын даярлауға қатысу, қаладағы жастар саясатын жандандыру және жақсарту жөніндегі сұрақтарды зерделеуге, жастар ұйымдарымен және басқа қоғамдық ұйымдармен Алматы қаласындағы жастар саясатын іске асыруда әріптестік орнату; қалалық, республикалық деңгейдегі және өзге де тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас орнату. Қызығушылығы: саясат, әдебиет |
|
![]() |
Байгисиева Шахризада Тобаханқызы
Ақпараттық-талдау және құқық бөлімінің бас маманы |
| Туған жылы: 21 қаңтар 1988 жыл. Білімі: №1 Алматы қазақ педагогикалық колледжін тәмамдаған. Мамандығы: Әлеуметтік педагог-психолог. Атқаратын жұмыс аясы: Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастыратын іс-шараларға жоғары жауапкершілікпен белсене атсалысу; Демалыс орталықтарында өткізілетін іс-шаралардың айлық жоспарын, есебін қабылдау; Орталық жетекшілерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау; Өткізілген іс-шараның есебін қазақша нұсқада жазу. Аудандық әкімшілікте демалыс орталықтарына жауапты мамандармен байланыста болу; Аудандық әлеуметтік жұмыспен қамту бөлімдерінің келісім шарттарымен айналысу; Орталықта жұмыс істейтін үйірме жетекшілерінің айлық есебін қабылдап, әлеуметтік жұмыспен қамту орталықтарына есеп жазу. Орталық жетекшілерінің табелін дайындау. Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында 2008 жылдан қызмет істеуде. Қызығушылығы: кітап оқу, психологиялық тренингтер жүргізу, музыка. |
|
![]() |
Марат Ғазиза Маратқызы Ақпараттық-талдау және құқық бөлімінің жетекші маманы |
|
Туған жылы: 1990 жылдың 12 мамыры
Туған жері: Жамбыл облысы, Қордай ауданы Білімі: 2008 жылы Алматы индустриалды колледжін экономика, бухгалтерлік есеп және аудит факультетінің экономист-есепші мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2008 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Алматы қаласының Банк Ісі Академиясының есеп және аудит факультетінде есепші және аудитор мамандығы бойынша білімін жалғастыруда. Жетістіктері: Студенттік жылдары қалалық деңгейдегі әртүрлі іс-шараларға белсене қатысып, колледждің қоғамдық және ғылыми өміріне белсене араласқан. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ң бухгалтерия бөлімінде, сонымен қатар Алматы қаласының бухгалтерлер үйінде іс-тәжірибеден өтті.
Қоғамдық қызметтермен 2006 жылдан бері айналысады. Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында 2010 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет істейді. Атқаратын жұмыс аясы: Құжаттамаларды қазақ тіліне аудару; жастар саясаты саласындағы мерекелік іс – шаралардың құжаттарын әзірлеу; кіріс және шығыс құжаттарды қадағалау; қалалық, республикалық және басқа да тәуелсіз БАҚ-мен өзара іс – қимылда болу; басылымдарға шыққан Қордың қазмет ауқымы жөніндегі ақпараттарды қадағалау; Жастар саясатына қатысы бар ұйымдармен әріптестік орнату; Жалпықалалық және жастар ұйымдары өткізетін іс-шараларды өткізуге әрі ұйымдастыруға қатысады. Қызығушылығы: Экономика, мәдениет |
|
![]() |
Мұхамбетжанов Ерлан Нұрланұлы Ұйымдастыру бөлімінің бастығы |
|
Туған жылы: 1985 жылдың 30 қаңтары
Білімі: 2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті тарих факультетінің шығыстану бөлімін тәмамдады. Жауапкершілік аясы: Бөлімді жалпы басқару жұмыстарын іске асыру, жалпықалалық қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың дайындығы мен өткізілуін қадағалау; ЖОО-мен, ОАОО-мен, аудандық әкімдік аппараттарымен, қаланың құрылымдық бөлімдерімен, Алматы қаласы Жастар ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнату; концерттер, байқаулар, фестивальдер, дөңгелек үстелдер және т.б. өткізуге әрі дайындауға қатысу. Қызығушылықтары: саясат, спорт, туризм Қоғамдық жұмыстармен 2005 жылдан айналысады. 2009 жылдан Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында жұмыс жасап келеді. |
|
![]() |
Қасымова Алмагүл Бақытқызы Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы |
|
Туған жылы: 1985 жылдың 14 қыркүйегі
Қызығушылығы: әдебиет, тарихБілімі: 2007 жылы Қазақ Ұлттық нер академиясының өнертану факультетінің «кинотеледраматургия» бөлімін тәмамдады. Өнертану бакалавры дәрежесіне ие. Жетістіктері: Студентік жылдарда академияның қоғамдық және ғылыми өміріне белсене араласты. Студенттік кәсіподақ төрағасы болды. ҚР Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподағы «Парасат» Алматы қалалық ұйымының, Қазақстан студенттер Альянсының мүшесі болды. «Қазақстан» АҚ РТРК-сында іс-тәжірибеден өтті. 2004 жылдан бері Қоғамдық қызметпен айналысады. 2006 жылдан Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында жұмыс жасап келеді. Атқаратын жұмыс аясы: өткізілетін іс-шаралардың сценарийі мен монтажды беттерін даярлау, тексттерді орысшадан қазақшаға, қазақшадан орысшаға аудару, шығармашылық есеп берулер жазу (қазақша), негізгі жобалық құжаттарды, іс-шара жобаларын даярлауға қатысу, қаладағы жастар саясатын жандандыру және жақсарту жөніндегі сұрақтарды зерделеуге, жастар ұйымдарымен және басқа қоғамдық ұйымдармен Алматы қаласындағы жастар саясатын іске асыруда әріптестік орнату, концерттер, байқаулар, фестивальдер, дөңгелек үстелдер және т.б. өткізуге әрі дайындауға қатысу. |
|
![]() |
Бекмуратова Руслана Петровна Демалыс және спорт бөлімінің бас маманы |
|
Туылған жылы: 1965 жылдың 17 тамызы.
Білімі: 1984 жылы Хмельниц педагогикалық училищесін мектепке дейінгі бөлімін мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1984 -1986 ж.ж. аралығында Каменец-Подольск педагогикалық институтының сырттай оқу бөлімінде оқыды. Жетістіктері: Бүгінгі күні Алматы қаласының ең таңдаулы демалыс орталығына айналған «Апельсин» аула клубын Қоғамдық бастамада 2004 жылы ұйымдастырды. Атқаратын жұмыс аясы: Алматы қаласының демалыс орталықтарының басшылары мен үйірме жұмыстарының жетекшілерінің қызметін қадағалау; Алматы қаласының демалыс орталықтарын ұйымдастыру қызметтері жөніндегі істі қадағалау. Ағымдағы және келешектегі жобаларды құрастыру; іс-шараларды дайындау әрі өткізу; жастар мен жасөспірімдердің демалыс саласындағы іс –қимыл қызметтерін ұйымдастыру. Қоғамдық қызметтермен 2004 жылдан бастап айналысады.
Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында 2008 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет істейді.
Қызығушылығы: волейбол, шаңғы, әдебиет. |
|
![]() |
Нақыпбекова Әйгерім Мұхаметжанқызы Демалыс және спорт бөлімінің бас маманы |
|
Туған жылы: 23 тамыз 1988 жыл.
Білімі: «Әділет» Жоғарғы құқық мектебін бітірді. Мамандығы: Заңгер. Жетістіктері: Университеттің қоғамдық және ғылыми өміріне белсене араласқан. Атқаратын жұмыс аясы: Демалыс орталықтарының келісім шарттарымен айналысу, демалыс орталықтарындағы іс – шараларды өткізу, сонымен қатар іс – шараларды қамтамасыз ететін республикалық, қалалық және басқа да тәуелсіз БАҚ-мен өзара іс – қимылда болу. Демалыс орталықтарына қандай да керекті жабдықтарының есептерін жасау. Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында 2009 жылдан қызмет істейді. Қызығушылығы: музыка, би, әдебиет. |
|