Біздің қызметіміз

 
Алматы қаласы Әкімінің 2001 жылдың 2 наурызындағы №118 Шешімімен Алматы қаласы бойынша мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын әрі жастар саясаты жөнінде өкілетті орган Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры құрылды.
Құрылғаннан бастап Қорда белгілі бір жүйелер мен біршене бағыт бойынша жастар саясатын іске асыру механизмдері өндірілді:
1.    Қала жастары үшін әлеуметтік инфроқұрылым объектілерін құру.
Жастар мен жасөспірімдер арасында жұмысты қарқындату мақсатында тұрғылықты жері бойынша Алматы қаласында тәрбиелік-танымдық, спорттық, музыкалық және әскери-патриоттық Демалыс орталықтары ашылды. Қазіргі таңда 40 Демалыс орталығы құрылып,  Алматы қаласының 7 ауданында жұмыс жасап жатыр. Демалыс орталықтарының жұмысына 5000 жуық жасөспірімдер мен балалар қатыстырылуда. Орталық тәрбиеленушілері барлық аудандық, қалалық, республикалық, сондай-ақ халықаралық мәдени-көпшілік, спорттық іс-шараларға, байқаулар мен жарыстарға қатысып, өздерінің белсенділігін көрсетуде.
2.    Ерекшеліктерімен көзге түскен түлектердің оқуын ынталандырып, әрі оларға стипендия түрінде материалдық жәрдем көрсету.
Ерекшеліктерімен көзге түскен мектеп, балалар үйі түлектерінің, жетім балалардың, көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан балалардың оқуын ынталандырып, әрі оларға стипендия түрінде материалдық жәрдем көрсету. Бүгінде қаламыздың жоғарғы оқу орындарының 27 студенті Мемлекеттік қордың есебінен тегін білім алуда және оқу үлгеріміне байланысты ай сайын стипендия түрінде төлемақылар алып тұрады.
3.    Жастарды еңбекпен қамту.
Жас мамандар мен студенттерді еңбекпен қамтуды ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ жастардың әлеуметті ахуалын жақсарту үшін жыл сайын қаланың студент жастарына арнап Еңбек жәрмеңкелері өткізіледі. Қор қызметкерлері 2005 жылға дейін еңбек жәрмеңкесінің нәтижелері бойынша потенциалды жұмыс берушілерге тапсырылатын  түйіндеме-сауалнамалардың мәлімет қорын құрды. 2006 жылдан бері Еңбек жәрмеңкесін жұмыс іздеуші мен жұмыс берушіні тікелей кездестіру түрінде өткізіледі. Алға қойылған жастар бастамаларының қолдауға ие болудың нәтижесінде және Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының студенттік құрылыс отрядтарының штабы туралы» Қаулысына сәйкес жыл сайын қаланың жоғарғы оқу орындарында жазғы еңбек уақытында Студенттік құрылыс отрядтары (СҚО) құрылады. Бастапқы уақытта құрылыс отрядтары оқу корпустары мен жатақханаларда жөндеу жұмыстарын, оқу орындарына қарасты жерлерді қалпына келтіруді жүргізсе, кейіннен СҚО жауынгерлері ірі құрылыс компанияларының қаланың және қала сыртындағы маңызды объектілердің құрылыстарына қатысты. СҚО қозғалысының жастар арасында әйгілі болғаны соншалық, 2005 жылдан жұмыс төрт бағыт бойынша жүргізілуде, құрылыс отрядтарымен қатар педагогикалық, медициналық және теміржол отрядтары құрылды.
4.    Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда белсенді түрде жастарды тарту.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда жастарды қоғамдық өмірге, дарынды жастарды тауып, ілгерілетуге белсенді түрде жастарды тарту. 
Бүгінде республикалық және қалалық мәдени-көпшілік, спорттық, танымдық іс-шараларды өткізуде ат салысып жүрген 150-ден астам қоғамдық жастар ұйымдары тіркелген. Осылайша жыл сайын қала студент жастарының және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Дидар» кинофестивалі, «Алматы – жастар қаласы», «Салауатты өмір салты» фестивальдары, «Тәуелсіздік тынысы» жас суретшілер көрмесі, спартакиадалар, жастардың нашақорлық пен шылым шегуге қарсы шерулері, «Талапкер» жастар сенбіліктері, сондай-ақ қалалық, республикалық және халықаралық КТК ойындары өткізіледі.
2010 жылдан бастап Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Жастар саясаты жөніндегі басқармасымен бірлесіп, алдағы үш жылда қала дамуының стратегиялық жоспарын іске асыруға қатысады. 

 

Қандай бағыттағы жастар ұйымдарын білесіз?










 

Фотоқор