Қазақ-неміс қатынасы қай жағынан да дами түспек. Германия федеративтік республикасының канцлері Ангела Меркельдің біздің елге жасаған сапары аясында ұйымдастырылған Қазақстан-Германия бизнес форумында бұған толық көз жетті. Елордамызда өткен форум барысында құны 2 млрд еуродан асатын 34 келісімшартқа қол қойылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтсақ, «...бұл құжаттар біздердің қарым-қатынасымыздың жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді».
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Германияның ынтымақтастығы екі елдің арасындағы инновациялық-инвестициялық әріптестігі туралы 2011 жылға дейінгі бағдарлама аясында дамып келеді. Қазақстан басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықты 2014 жылға дейін ұзартуды ұсынды. Себебі екі елдің экономикасы бір-бірін өзара толықтыра алады. Мұның бір дәлелі - Германия Қазақстанның жетекші сауда әріптестерінің қатарында Ресей, Қытай, Италия, Франция және Украинадан кейінгі алтыншы орында тұрғаны. Сонымен қатар біздің елімізде неміс капиталының қатысуымен құрылған сегіз жүзге тарта біріккен кәсіпорын бар. Олардың қатарында «Сименс», «ДаймлерКрайслер», «ТиссенКрупп», «МАН», «Кнауф», «ЕАДС», «Байер», «БАСФ» сияқты ірі концерндер бар. Қазақстан Германияның энергетикалық қажеттіліктерін толықтырып отыратын бірден-бір мемлекет. Бұған Қазақстанның Германияға энергия тасымалдау жағынан 4-орында тұрғанын мысал етсек жетіп жатыр. Ал Қазақстан экономикасына келіп жатқан неміс инвестициясының көлемі бүгіндері 557 млн долларды құраған. Екі ел арасындағы өзара сауда көрсеткіші былтыр 2,94 млрд АҚШ долларына жетті. Ал үстіміздегі жылдың қаңтар-мамыр айларында екі жақты тауар айналымы 1,5 млрд долларды құрады, оның ішінде Қазақстан экспорты - 769,3 млн доллар, импорт - 730,7 млн доллар.
Әлемдік қаржы дағдарысын екі ел арасындағы тауар айналымы көрсеткішін 8 пайызға төмендетіп тастағанына қарамастан, осы жылдың алғашқы жартысының қортындысы неміс жұртының Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің арасындағы алғашқы бестігіне берік орнығатынын көрсетуде. Оның үстіне, Елбасы неміс кәсіпкерлерін Қазақстанның индустриялық даму бағдарламасына қатысуға шақырып отыр. «Германия кәсіпкерлерін Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға белсенді түрде қатысуға шақырамыз» деді Н.Назарбаев бизнес форумда.
Қазақстан қазіргі таңда жетілген индустриялық-инновациялық бағдарламаны іске асыруда. Мұндағы мақсат - 2015 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің көлемін 1,5 есеге ұлғайту. Бұл мақсатты жүзеге асыруға неміс елі де қатыса алады. Біздің елдің Кедендік одаққа кіруі де, Германия үшін Қазақстанда жаңа мүмкіндіктер ашып берді. «Бұл нарықта 170 млн адам бар. Оның ішкі жалпы өнімі 1,8 триллион долларды құрайды. Біз алдымызға құны жоғары өнімдерді шығаратын кәсіпорындарды құру мақсатын қойдық. Яғни Қазақстанда құрылатын кәсіпорындардың кедендік бақылаусыз ортақ нарығы болады» деді Елбасы бұл ретте.
Германияның Экономика және технологиялар федеративтік министрлігінің мемлекеттік хатшысы Б.Пфаффенбах Германия бизнесін Қазақстанмен қарым-қатынасын тереңдетуге мүдделі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Орталық Азиядағы өзге мемлекеттер Германиямен қарым-қатынаста Қазақстанға қарағанда көп қалып қойған. Себебі Германияның Орта Азиядағы сауда-саттығының 90 пайызы және экспортының 75 пайызы Қазақстанның үлесіне тиеді. «Бұл қарым-қатынаста, әрине, мұнай басымдыққа ие. Уақыт өте келе мұнайдың орнын басқа өнімдер басады деп сенемін. Екі елдің экономикалық қарым-қатынастары энергетикалық және шикізаттық аспектілермен ғана шектеліп қалмауы тиіс. Біз басқа салалардағы ынтымақтастықты да дамытуымыз керек» дейді Б.Пфаффенбах. Ал Қазақстан басшысы «Германия канцлері Ангела Меркель ханымның сапары екі елдің экономика саласында ғана емес, басқа да салалардағы өзара қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді» деген сенім білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде Қазақстанда мұнай-газ саласында жұмыс істеп жатқан компаниялардың тізімінен неміс компанияларын көру қиын екенін айтады. Сондай-ақ ол германиялық компаниялар Қазақстанда өз өндірістері үшін жоғары сапалы металл алуға мүмкіндік беретін металлургиялық кластер, өзінің жекеменшігі болып табылатын мұнай-химия кешенін құруына болатынын да атап өтті.
Ал Қазақстанды Орталық Азиядағы экономикалық орталық және Германия үшін - осы өңірдегі ең басты экономикалық әріптес екенін мәлімдеген Германия канцлерінің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан мен Германия арасында бірлесіп шешілуі тиіс ортақ мәселелер бар. «Бұл мәселелерді Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі ынтымақтастығы ұйымына төраға болып тұрған тұсында шешіп алу - аса маңызды. Германия - Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуін о баста-ақ қолдаған ел. Қазақстанның халықаралық ұйымға төрағалық етуі, оның бостандықпен байланысты құндылықтарды, қауіпсіздікті және адам құқықтары мен демократияны қолдайтындығын әлемге паш ететін тамаша мүмкіндік. Бұл ХХІ ғасырдағы адамзат үшін аса маңызды құндылықтар. Сондықтан біз ЕҚЫҰ арқылы осы құндылықтардың жоғары деңгейде іске асырылуын қалаймыз және осы игіліктер Орталық Азия аймағында да талапқа сай жүзеге асады деген ойдамыз», - деді Ангела Меркель.
Оның сөзіне қарағанда, немістер Қазақстанның банк саласына да қол ұшын созуға дайын. «Дағдарыс уақытында Қазақстанның бірқатар банктері қиындықтарға тап болды. Ал Германия оларға қол ұшын созуға дайын. Сондықтан қазір біз үшін осы банктерді қайта құрылымдау жұмыстары бойынша алдын ала жасалған келісім талапқа сай жүзеге асқаны жөн. Бұл ретте, әсіресе, Қазақстан мемлекетінің қолдауы қажет. Сонда ғана біз екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда үлкен рөл атқаратын экспорттық несиелерге кепіл бола аламыз», - деді федералдық канцлер.
Қазақстан мен Германия арасындағы экономиканың басым секторларында, технологиялар трансфертінде бірлескен өндірістері ұйымдастыру арқылы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды көздеген бизнес-форумның мақсаты орындалған. Жүзден астам неміс компанияларының өкілдері ат сабылтып келген бизнес-форумда белгілі болғаны, екі ел бір-бірінің мұқтажын өтеуге дайын тұр. Бизнес-форум шеңберінде форумға қатысушы компаниялар ұсынған жобалардың тұсаукесерлері өткізілді.
Тараптар қол қойған құжаттар Германияның Қазақстанның экономикалық секторының барлық саласына қатысуға мүдделі екенін көрсетіп отыр. Бұл Қазақстан халқын неміс сапасына бір табан жақындай түсуіне мүмкіндік береді десек, қателеспейміз.
Ең бастысы, Қазақстан мен Германия стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңес құратын болды. Аталмыш кеңесті құру жөніндегі меморандумға бизнес форум барысында қол қойылды. Стратегиялық іскерлік кеңес Қазақстан және Германия ұйымдары мен бірлестіктері арасындағы іскерлік байланыстардың тиімділігін арттыру қызметімен айналысатын үйлестіруші және консультациялық орган болмақ. Іскерлік кеңестің міндеттеріне Қазақстан мен Германия арасындағы сауда және инвестициялар, екі елдің іскер топтары, бірлестіктері мен компаниялаы арасындағы тікелей байланыстарды және тікелей ақпарат алмасуды көтермелеп отыратын ынтымақтастықты нығайту және тереңдету кіреді.
Халима БҰҚАРҚЫЗЫ, "Айқын" газеті