- Ақжол аға, сізді «Дос-Мұқасан» ансамбліне қайтып келді деп естідік…
- Ол рас. Өзбекстанда институт бітіріп, «Дос-Мұқасанның» шақыруымен Алматыға көшіп келген едім. Сөйтіп, жетпісінші жылдардың аяғынан бастап, 1985 жылға дейін жеті жыл сол ұжымда жұмыс істедім. Одан кейін «Гүлдер» ансамблінің директоры болдым. «Сазген сазы», «Арқас» ансамблінде, Алматы облыстық филармониясында ән салдым. Бірақ ешқашан «Дос-Мұқасанмен» байланысымыз үзілген жоқ. Тұрақты қызмет жасамағаныммен, оқта-текте үлкен концерттеріне қатысып, сахнаға бірге шығып тұратынбыз. Әрине, белгілі әнші, продюсер Бақытжан Жұмаділовтің қаза-сы - тек отбасына ғана емес, қасында бірге жүрген әріптестері үшін де ауыр қайғы. Аты аңызға айналған ансамбльдің шаңырағын шайқалтып кетті десем де болады. Осындай қиын сәтте қара шаңырақтың бір уығы болып, ауыртпалықтарын көтерісейін деп ілгерідегі өз орныма қайтып келдім. Маған артқан сенімді, ұсынысты жерге тастай алмадым. Оның үстіне, қолым бос уақытта жеке шығармашылық ізденістерімді жалғастыра беруге мүмкіндік жасап отыр.
- Шешімді тез қабылдадыңыз ба?
- Шыны керек, біраз ойландым. Өйткені жеке өнер жолымды қалыптастырып, емін-еркін жүріп үйреніп қалғанмын. Қайда барамын, қашан барамын, тіпті бармаймын десем де өзім білемін. Ал ұжымда жұмыс істегеннен кейін, ондай еркіндікпен, еркелікпен қоштасуға тура келеді. Мұнда бәрі ортақ, барлық мүдде бір мақсатқа жұмылдырылады. Ортақ репертуар таңдап, ортақ көзқараспен санасуың міндет. Екінші жағынан алғанда, мұндай ұсыныс екінің біріне жасала бермейді. «Дос-Мұқасанда» ән салу әркімнің бағына жазылмаған. Кез келгенге бұйыра қоймайтын қуаныш. Ал мен үшін биік мәртебе, баға жетпес бақыт дер едім.
- «Дос-Мұқасанмен» өнер көрсетіп үлгердіңіз бе, жоқ дайындық үстіндесіздер ме?
- Бірнеше концерт беріп үлгердік. Таразға, Шымкентке, Көкшетауға, Астанаға барып келдік. Арасында ансамбльдің репертуарын қайта жазып, толықтыру үстіндеміз. Үнемі дайындық өтеді. Жанды дауыспен ән салу оңай емес. Студияда жұмыс істейміз. Барған жерімде «Дұрыс қадам жасапсыз. Қайтып келгеніңіз жөн болған» деп жылы лебізін білдіріп жатқандар бар. Бұйыртса, бар күш-жігерімді аямай, тер төгемін деген ойдамын.
- Жаңылыспасам, жақын күндері алпыстың асқарына шығасыз. Осы тойға дайындықты екі жыл бұрын бастап кетіп едіңіз. Енді не болады?
- Той, ой біраз өзгерді. Бұрын құрған жоспарларымды қазір қайта қарап жатырмын. Осыған дейінгі мерейтойларымда «Дос-Мұқасан» құттықтап келіп, бір-екі ән айтатынбыз. Енді концерттің бір бөлігі «Дос-Мұқасан - жастығым, өмірім, өнерім» деп аталмақ. Иншалла, күздің бір айында жүзеге асып қалар.
- «Алпыс - тал түс» деген рас па екен?
- Алпыста өзіңді тура елу тоғыздағыдай сезінеді екенсің (күлді). «Бәз-баяғы, баяғы, құтты аяқтың таяғы» дегендей, өзім алпысқа келгеніммен, сезімім сол баяғы 20-30 жастағыдай. Өзімді зейнеткермін, шал болдым деп сезінбеймін. Шапқылап, жүгіріп жүрмін.
- 20-30-дағы жігіт «күн-түн қатып» жүреді. Ғашықтық ауылынан алыстамаған сияқтысыз…
- Мен өмірге ғашықпын. Отаныма, еліме, жеріме, отбасыма, бала-шағама, әріптестеріме, көршіме, айналама, жастарға, көрермендеріме ғашықпын. Оның несін жасырам? Ондай сезімдер көп менде. «Ғашықтығы құрысын» деп қаша алмаймын. Өмір бойы ғашық болып өтемін. Бірақ махаббатыма, өмірлік серігіме адалдығымды сақтаймын. Арымнан аттамаймын.
- Сізді «26 жастағы жас қызды алғалы жатыр екен» деген әңгіме қайдан шыққан?
- Сенің кейбір әріптестерің шығарып жүр. Оны қайдан тапқанын білмеймін. Қайдағы жоқты айтып, қатырады. Бір рахаттанып күліп алдым. «Дат» та «26 жастағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студентін тоқалдыққа алмақ» деп жазыпты. Отбасыма қиянат жасау ойымда жоқ. Бір жігіт «Аға, сіз қайғырмаңыз, ондай өсек-аяң адамның күнәсін жуа-ды» дейді. Оларға мен ренжімедім. Дегенмен алпысқа келгенде артыңнан қисынсыз, жөн-жосықсыз сөз ергені ыңғайсыз екен. Өздеріне сол лайық деп тапса, не айтқылары келсе, соны айта берсін. Екінші әйел алу мәселесі көтерілгенде әр жерлерде өз ойымды ашық білдіретінім рас. Азаматтарымыздың жағдайы келіп жатса, бәйбішесі рұқсат беріп, бала-шағасы зардап шекпесе, қазақтың саны көбейіп жатса, несі айып? Ал ертең оны жылатып-еңіретіп тастап кетіп, баланы тірі жетім етіп, жауапкершіліктен тайқып шығып, тағы желік іздеуге көшсе, олай алған тоқалы да, арам пиғылы да құрысын! Қазақтың санын көбейткені де құрысын. Өйткенше, көбейтпегені артық. Бұл менің жеке пікірім ғана.
- Қысы-жазы шетелде демалғанды дұрыс көресіз. Биылғы жаз қайда бармақ ойыңыз бар?
- Биыл қыстың ортасында Дубайда халықаралық фестиваль өтті. Сонда бір ай өнер көрсетіп, әрі демалып қайттық. Жаныма «Сазген сазы» ансамблін, Шаба Әденқұлқызын және талантты биші Тамара Базарханқызын ерттім. Енді бұйыртса, қызым Түркияға жолдама алып бермек. Оразаға дейін он күн демалып алып, оразадан кейін мерейтойыма еселі дайындық жасаймын.
Дереккөз: dastan-studio.kz