Еліміздегі жаңалықтар

30.07.2010
Батыс Қазақстанда құжатайналымдағы мемлекеттік тіл үлесі 89 пайызға жетті Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде, мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді. Еліміздегі бірлік пен этносаралық келісімнің негізгі факторларының бірі де - мемлекеттік тіл.

29.07.2010
«Нұр Отан» ХДП-ның солтүстікқазақстандық филиалында мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісін жетілдіру мәселелері талқыланды Бүгін Петропавлдағы «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында партия белсенділері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысқан «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісін жетілдіру» атты тақырыпта «дөңгелек үстелдің» отырысы өтті.

27.07.2010
Павлодар облысында республикалық көпкүндік веложарыс басталды Павлодар облысында республикалық көпкүндік «Прииртышье-2010» веложарысы басталды. Жарыс жеке және командалық жарыстарды қамтитын Қазақстан құрама командасымен және жастар құрамасымен жүріп өтетін әр түрлі ұзындықтағы және күрделіктегі тоғыз кезеңнен тұрады.

26.07.2010
«ПАТШАЛАР ДАЛАСЫ» ҚАРҚАРАЛЫ ӨҢІРІНЕН ТАҒЫ БІР «АЛТЫН АДАМ» ТАБЫЛДЫ Тарихтың тарау-тарау хаттарына қарасаңыз, жазылмаған не бар дейсіз кейде. Ия, жазылмаған, айтылмаған не қалды? Біз бәрін де білетін секілдіміз. Бәрі де түсінікті сияқты. Ал «Мен білем, өзімнің білмейтіндігімді» ұстанымын ұмытып кеткен жоқпыз ба деген ойды амалсыз ойлауға тура келеді. Қазақ «Білгенің тоғыз болса, білмейтінің тоқсан тоғыз» демеуші ме еді…

22.07.2010
Балалар олимпиадасынан маңғыстаулықтар олжалы оралды Якутия мемлекетінде өткен 17-ші халықаралық «Туймаада-2010» балалар олимпиадасынан Маңғыстаулық білімпаздар жеңіспен оралды. Олимпиадаға Ақтау қаласындағы «Қазақ- түрік» лицейінің оқушылары қатысқан болатын.

20.07.2010
Қазақ-неміс қатынасы жаңа кезеңге аяқ басты Қазақ-неміс қатынасы қай жағынан да дами түспек. Германия федеративтік республикасының канцлері Ангела Меркельдің біздің елге жасаған сапары аясында ұйымдастырылған Қазақстан-Германия бизнес форумында бұған толық көз жетті.

20.07.2010
Ақжол МЕЙІРБЕКОВ: Өмір бойы ғашық болып өтемін - Ақжол аға, сізді «Дос-Мұқасан» ансамбліне қайтып келді деп естідік… - Ол рас. Өзбекстанда институт бітіріп, «Дос-Мұқасанның» шақыруымен Алматыға көшіп келген едім. Сөйтіп, жетпісінші жылдардың аяғынан бастап, 1985 жылға дейін жеті жыл сол ұжымда жұмыс істедім. Одан кейін «Гүлдер» ансамблінің директоры болдым.

20.07.2010
Алматыда «GOLD DISCO FESTIVAL» өтеді Алматыда шілденің 31-і күні «Goold disko festival» өтеді. Бұл шара Қазақстандағы ең ірі орталық саналатын «APPORT» сауда ойын-сауық моллында өтеді.

13.07.2010
Шымкент қаласында Жастар орталығы ғимараты пайдалануға берiлдi Бүгін Шымкент қаласында Жастар орталығы ғимараты пайдалануға берiлдi. Ғимараттың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкiмi Асқар Мырзахметов алдағы уақытта жұмыс iстейтiн бөлiмдермен, «Жастар орталығы» веб-сайтының жобасымен, консультативтiк-психологиялық көмек көрсету бөлмесiнiң жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

13.07.2010
Алматы облысында 220 мыңнан астам балалар жазғы демалыспен қамтылады Алматы облысында 220 мыңнан астам балалар жазғы демалыспен қамтылады, деп Алматы облысының балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент директоры мәлім етті. Олар үшін қала сыртындағы 20лагер, 435 мектеп жанындағы лагерлер мен 300-дей күндізгі мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істейтін болады.

1 | 2 | 3 | 4 > >>

Қандай бағыттағы жастар ұйымдарын білесіз?










 

Фотоқор