Қор жаңалықтары

27.03.2010
«Таза Әлем» Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік іс - шаралар аясында 2010 жылдың 27-наурызында Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарманың қолдауымен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және Алматы қалалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары «Таза Әлем» экологиялық акциясын өткізді.

26.03.2010
«Наурыз мейрамы» 2010 жылдың 26 наурыз күні Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Сейфуллин көшесі мен Қарасай көшесінің қиылысындағы бақта «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған сенбілік өткізді.

23.03.2010
«Наурыз мейрамын» 2010 жылдың 22 наурызында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен Қылмыстық–атқару комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқармасына қарасты ЛА-155/1 мемлекеттік мекемесінде «Наурыз мейрамын» өткізді.

22.03.2010
«Наурыз – жастықтың бастауы» 2010 жылдың 21-наурызында сағат 19.10-да «Астана» алаңында Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Наурыз – жастықтың бастауы» мерекелік іс-шаралар жобасы аясында Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Алмалы жастары» Қоғамдық бірлестігімен бірігіп «Қазақ билерінің» фестивалін өткізді.

22.03.2010
«Алтын алма» Жастар сыйлығымен салтанатты марапаттау рәсімін өткізді. 2010 жылдың 21-наурызында сағат 18.30-да «Астана» алаңында Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Наурыз – жастықтың бастауы» мерекелік іс-шаралар жобасы аясында Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Алмалы жастары» Қоғамдық бірлестігімен бірігіп «Алтын алма» Жастар сыйлығымен салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

20.03.2010
Наурыз – жастықтың бастауы» 2010 жылдың 20 наурызында сағат 16:00-де Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Отаншылдық» қоғамдық қорымен бірлесіп, Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен қазақ халқының дәстүрін жария ету, қазақ тарихында ежелден табиғаттың қайта түлеп, жаңа жылдың бастауы ретінде үлкен құрметке ие болып келе жатқан мейрамдардың бірі, Наурыз мерекесін тойлау, қарттарға құрмет сезімін білдіру аясында Ардагерлер үйінде «Наурыз – жастықтың бастауы» атты мерекелік концерт өткізді.

19.03.2010
«Наурыз мейрамы» атты әдеби - ақындық балалар байқауы 2010 жылдың 19 наурыз күні Оқушылар сарайында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен «Наурыз» мейрамы аясында қазақ халқының ұлттық шығармашылығы мен мәдениетін, дәстүрін жария ету, балалардың ақындық шығармашылығын дамыту мен балалар мен жасөспірімдер арасында патриотизм сезімін тәрбиелеу мақсатында «Наурыз мейрамы» атты әдеби - ақындық балалар байқауын өткізді.

18.03.2010
«Әйелдер денсаулығы олимпиада» Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Два крыла» Қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, 2010 жылдың 18-наурызында «New Stars» түнгі клубында Алматы қаласы жоғары оқу орындары студент қыздарының арасында алғашқы студенттік «Әйелдер денсаулығы олимпиада» жарысының жабылу және марапаттау рәсімін өткізді.

11.03.2010
didar ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ӨНЕРЛІ ЖАСТАР ! Сіздерді биылғы жылы «Жаңа онжылдық - Қазақстан жастарының жаңаша серпілісі!» ұранымен VII қысқы Азия ойындарын насихаттау аясында және Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету құрметіне орай өтетін «DIDAR» атты өнерлі жастардың кинофестиваліне қатысуға шақырамыз.

03.03.2010
Aлматы қаласындағы оқу орындары студент қыздарының арасында алғашқы студенттік «Әйелдер денсаулығы олимпиадасын» өткізу туралы 2010 жылдың 2 наурызында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және «Два крыла» қоғамдық ұйымы Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен «Темір дос» спорт кешенінде Алматы қаласындағы оқу орындары студент қыздарының арасында алғашқы студенттік «Әйелдер денсаулығы олимпиадасының» салтанатты ашылу рәсімін өткізді.

<< < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>

Қандай бағыттағы жастар ұйымдарын білесіз?










 

Фотоқор