____

29.12.2009

Құрметті Алматылықтар және барша Қазақстандық жастар!

 

Сіздерді келе жатқан барыс жылымен шын жүректен құттықтаймыз!

2010 жыл - еліміз үшін айтулы жыл екенін бүгінде барша көзіқарақты жастар біледі деп ойлаймыз. Биыл еліміз ТМД құрамындағы елдердің және мұсылман елдері ішінде алғашқы болып Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына басшылық жасайтын болады.

Бұл жас мемлекет үшін үлкен сенім мен жауапкершілік. Осы міндетті абыроймен атқаруға барша қазақстандық жастарды бір кісідей атсалысуға шақырамыз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің дамуы мен халықаралық аренадағы беделін көтеруге бағытталған саясатын қолдай отырып, халқымыздың зияткерлік өресін арттыруда және игі дәстүрі мен мәдениетін дамыту жолында жігерленіп, рухтанып қызмет ете берейік, қадірлі достар.

            Дендеріңіз сау, оқуда озат, еңбекте табысты болып, халқымыздың қалаулысы, елімізге елеулі азамат атанып, абыройларыңыз асқақтай берсін.

Барлығымыздың бір-бірімізге деген ағалы-інілі, ниеттес-тілектес, мүдделес, жанашыр, сыйлас достық сезімдеріміз арта берсін.

Жаңа жыл жаңа идеялар мен мүмкіншіліктер әкелсін!

 

Ізгі ниетпен: Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұжымы


жаңалықтарға қайта оралу

Қандай бағыттағы жастар ұйымдарын білесіз?










 

Фотоқор