Қор жаңалықтары

30.07.2010
«Бірлігіміз жарасқан! – Мы – одна команда!» жалпыреспубликалық акциясы «Бірлігіміз жарасқан! – Мы – одна команда!» жалпыреспубликалық акция аясында 2010 жылдың 27 шілдесінде сағат 11.00-де, қаламыздың бірден-бір көне және үлкен саябақ аймағы - Баума атындағы шағын орманда Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының және Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы әкімшілігінің қолдауымен, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Алматы қаласының Демалыс орталықтарымен бірлесе отырып, жасыл аймақтарға тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша экологиялық десант ұйымдастырып, өткізді.

29.06.2010
«БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН! – МЫ – ОДНА КОМАНДА!» жалпыреспубликалық компаниясының аясында «ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ ҮШІН!» ұранымен Халықаралық есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күніне арналған Жастар шеруі және Алматы қаласының Демалыс орталықтары арасында өткен VI Спартакиаданың марапаттау рәсімі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, Алматы қалалық СӨС ҚО, Алматы қалалық ІІД ЕБҚКБ-нің ұйымдастыруымен 2010 жылдың 26 маусымында «БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН! – МЫ – ОДНА КОМАНДА!» жалпыреспубликалық компаниясының аясында салауатты өмір салтының құндылықтары мен көңілді күй әсерін сіңіруге бағытталған «Есірткісіз болашақ үшін!» «Елбасымен бірге – қуатты да мықты Қазақстан үшін!» ұранымен Халықаралық есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күніне арналған Жастар шеруі және Алматы қаласының Демалыс орталықтары арасында өткен VI Спартакиаданың марапаттау рәсімі өткізілді.

04.06.2010
О проведении торжественного открытия культурного – массового Центра досуга «Бәйтерек» 4 июня 2010 года состоялось торжественное открытие ЦД «Бәйтерек», расположенного в микрорайоне «Қалқаман».

04.06.2010
«Ұлт рухының ұлы белгілері» атты дөңгелек үстелі 7552 әскери бөлімінің жауынгерлері Қазақстан Республикасының туын салтанатты түрде алып кірді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды.

04.06.2010
«Бәйтерек» мәдени Демалыс орталығының салтанатты ашылу рәсімі 2010 жылдың 4 маусымында «Қалқаман» ықшам ауданында орналасқан «Бәйтерек» Демалыс орталығының ашылу рәсімі өткізілді.

04.06.2010
«БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН!» атты жалпыреспубликалық патриоттық жастар акциясы 2010 жылы 4 маусым күні сағат 15.00-де ХХІ ғасыр дендропаркінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 18 жыл толу мерейтойына арналған «Бірлігіміз жарасқан!» атты жалпыреспубликалық патриоттық жастар акциясы өткізілді. Саябақ төңірегі мемлекеттік рәміздермен безендіріліп, самал желмен бірге мемлекетіміздің көк байрақ Туы желбіреп тұрды.

11.05.2010
«Үлкенге құрмет» Соңынан зақымданған тағдырлар, жүз мыңдаған қиратылған қалалар қалдырып, мыңдаған адамның өмірін алған Ұлы Отан соғысының соңғы дүркіні күркіреп басылғанына міне биыл 65 жыл толды.

06.05.2010
---------- Құрметті ҰОС ардагерлері! Сіздердің батылдықтарыңыз, төзімділіктеріңіз үшін, сондай-ақ, Жеңіске деген берік сенімдеріңіз бен біздің жарқын болашағымыз үшін сіздерге алғыс білдіреміз! Біз, яғни еліміздің болашақ өскін ұрпақтары сіздерден үлгі алып, ұлы өнеге тұтамыз! Сондықтан да, біз болашақта жерімізде бейбіт өмірдің сақталуына уәде береміз. Ұлы Жеңіс күнімен, аса қадірменді Ардагерлер! Ізгі ниетпен, Алматы қаласының Жастары

03.05.2010
диско-концерт «БІРЛІК» 2010 жылдың 1-ші мамыр күні, сағат 19:00-22:00 аралығында, Астана алаңында Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және Мәдениет басқармасы бірлесе отырып, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өткізді.

26.04.2010
«Ұлан» әскери-спорттық ойындарының ақтық кезеңі 2010 жылдың 24 сәуірінде Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, Алматы қаласы Білім басқармасы, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Аула клубтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ОӘСК стадионында (Сәтбаев көшесі № 9Б) «Ұлан» әскери-спорттық ойындарының ақтық кезеңін өткізді.

1 | 2 | 3 | 4 > >>

Қандай бағыттағы жастар ұйымдарын білесіз?










 

Фотоқор