Еліміздегі жаңалықтар

10 Сентября 2010
Бүгін Қызылордада алты алаштың қамын жеген Жетісу өңіріндегі атақты Орбұлақ шайқасында күші басым жауды түре қуған, Самарқанның Регистан алаңында «Шир Дор», «Тіллә қари» медреселерін салдырған Сыр елінің перзенті Жалаңтөс Баһадүрге арналған дүбірлі той жалғасып жатыр.

09 Сентября 2010
Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекеттердің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшілерінен, атап айтқанда Әзірбайжан Республикасының елшісі Закир Ариф оғлы Гашимовтан, Ирак Республикасының елшісі Раджех Сабер Аббуд әл-Мусауиден, Қытай Халық Республикасының елшісі Чжоу Лиден, Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Мохаммад Ахтар Туфаильден, Түркия Республикасының елшісі Лале Үлкерден және Украина Республикасының елшісі Олег Деминнен Сенім грамоталарын қабылдады.

08 Сентября 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев «Орнықты даму және жоғары технология» атты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының VII аймақаралық ынтымақтастық Форумының пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

07 Сентября 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі. Президенттің жұмыс сапары бағдарламасының екінші күні көктемдегі су тасқынынан зардап шеккен Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылын аралаудан басталды. Мұнда келісімен Президент ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимаратында болды және бірлестік ұжымына жедел медициналық көмек көлігінің кілтін тапсырды.

06 Сентября 2010
Ғалам тамашалайтын ірі жарыстардың қатарынан саналатын “Қысқы Азиада – 2011”-ге елімізде қызу дайындықтар қарқынды жүргізіліп жатыр.Жалпы алғанда, еліміз Азияның Ақ Олимпиадасын қабылдауға дайын. Тек аса мән беретін бір мәселенің нақты шешім таппауы ел арасында түсінбестік тудырды.

 

Қор жаңалықтары

07 Сентября 2010
2010 жылы 3-4 кырқүйекте Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы қолдауымен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, «Жігер» мүмкіншілігі шектеулі адамдардың жастар ұйымымен бірлесе отырып «TRY», «Қала, ел, әлем баршаға! Біз бірге бәрін жасай аламыз!» шеруімен қала көшелерін жүріп өтті.

05 Сентября 2010
2010 жылы 3 қыркүйекте Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және «Даму Қазақстан-2030» Қоғамдық қоры бірлесіп Алматы қаласы жастар ұйымы командалары арасында «Есірткісіз болашақ!» атты ұранымен Қала күніне орай шағын-футболдан турнир ұйымдастырып өткізді.

31 Августа 2010
2010 жылы 28 - 30 тамыз аралығында Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, Сноуборд және Эксремальды спорт түрлері Федерациясы, «БРАНТ» медицина институты және «FUNK» жарнама агенттігі бірлесе отырып, «ФорЭ - 2010» атты тұңғыш Қазақстандық ЭТНО-ФЕСТИВАЛЬ ұйымдастырып, өткізді.

30 Августа 2010
2010 жылы 30 тамыз күні Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы және Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры бірлесе отырып, «Астана» алаңында Қазақстан Республикасы Конституцияның 15 жылдығына арналған айтулы мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік бағдарламаға ЖОО-ң 450-ден астам студенттері қатысты.

29 Августа 2010
2010 жылы 29-тамызда Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма қолдауымен «USP» жарнама агентігі ҚР Конституциясының 15 жылдығына орай Алматы қаласы Демалыс орталықтары жасөспірімдерінің қатысуымен «Конституция құрдасы» атты флэш-моб өткізілді. Іс-шараның мақсаты жастарға Конституция жөнінде түсіндіріп жеткізу болатын.


Қандай бағыттағы жастар ұйымдарын білесіз?










 

Фотоқор